Алматы облысы , Арыс қаласына 60 млн тенгенің тауарларын жөнелтті

0
181
????????????????????????????????????

«Нұр отан»  партиясының облыстық филиалымен бірге облыста “Жетісу Арыспен бірге”акциясы іске қосылды.

Акция аясында азық-түлік, сусын, киім және құрылыс материалдары бар үлкен жүк көліктері жолға  шықты. Көмек  «Нұр отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың басшылығымен іске асуда.

Сондай – ақ, «Нұр отан»   партиясының облыстық филиалы мен барлық аумақтық филиалдардың қызметкерлері зардап шеккен қала тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды”, – деді Ғалиасқар  Сарыбаев.

Айта кету керек, Арыс тұрғындарына өңір кәсіпкерлері де қолдау көрсетуде. Мысалы, Арыс қаласынан 150 бала 10 күндік демалысқа облыстың жазғы лагерьлеріне қабылданады.

Партия филиалының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Керуен Арыс қаласының тұрғындарына 13 тоннадан астам ұн, 7 тонна қант, 2 тонна күріш,  киім және құрылыс материалдарын (30 мың кірпіш, 2,5 мың шаршы метр гипсокартон, 500 шаршы метр жылу оқшаулағыш материал) жеткізеді. Жеткізілетін тауардың жалпы құны 60 миллион теңгені  құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз