Алматыны қалай айналып өтуге болады?

0
139

Алматы полициясы қаланы айналып өту жолының сызбасын карта арқылы көрсетті.

19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау мақсатында полиция қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын нақтылады.

“Бұл облыс аймағы арқылы қаланы айналу бағытын көрсетеді. Шартты түрде Талғар ауданынан Қарасайға және басқа аудандарға қалай жетуге болатыны белгіленген. Картада нүкте сызықпен қаланы Алматы облысының елді мекендері арқылы айналып өту жолдары көрсетілген” делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция маршруттарды алдын ала жоспарлап, реттеу, төтенше жағдай мен карантин ережелерін, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң сақтау және короновирус инфекциясымен күресу және алдын алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз