Атырау облысында Исатай Таймановқа ескерткіш қойылды

0
349
Атырау облысында орнатылған Исатай батыр ескерткіші. Photo: zakon.kz

Атырау облысында Исатай Таймановтың ескерткіші бой көтерді. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

“XVIII ғасырдағы соңғы хан билігі тұсында ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы, халық батырының ескерткіші Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында қойылды. Ескерткіштің авторы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі Серік Матениязов. Биіктігі 12 метр”, – делінген ақпаратта.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Шапкеновтың айтуынша, Исатай ескерткіші елдегі биік ескерткіштердің бірі.

Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз