Қазақстанда алғаш рет жүрегін ауыстырған Жәнібек Оспанов уақыттың қадірі туралы айтты

0
127
Қазақстанда және Орта Азияда алғашқы болып жүрегін алмастырған Жәнібек Оспанов.

Павлодардағы “ASAR” IIІ республикалық форумында Қазақстанда және Орта Азияда алғашқы болып жүрегін алмастырған Жәнібек Оспанов қазіргі өмірі туралы айтты. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты жазды. 

“Осыдан 7 жыл бұрын донорлық жүрек қойғыздым. Дәрігерлер маған жарты жыл өмірің қалды деген еді. Ақ халаттылар бұндай отаны ұсынғанда бірден келістім. Өйткені басқа таңдау болған жоқ. Ота ауыр болды. Қайта қалыпқа келуге көп уақыт кетеді деді. Кейде өзіңмен-өзің қалғанда шынымен өлуге жақын болғанымды, өлім аузынан қайтқанымды сезінемін. Өз өміріңе қорытынды жасайсың. Не жасадың, не істеп үлгергеніңе есеп бересің. Менің тындырғаным онша көңілімнен шықпады. Өмірімде демалысқа аз шығыппын. Көп қыдырмадым, саяхаттамадым”, – деді спикер. 

Ота жасалғаннан кейін Жәнібек Оспанов алдына жоспар құрған. Бәрін дұрыстағысы келген. Енді қалай өмір сүру керектігін ойланған.

Спикердің айтуынша, қайта қалыпқа келгенінде кардиохирургиялық орталыққа пациенттермен жұмыс әкімшісі болып жұмысқа кірген. Ота жасауға дайындалып жүрген адамдармен жұмыс жасаған.

“Адам осындай күрделі жағдай болатындығын күтпеу керек. Өзі уақытты бағалау қажет. Уақытты жұмысқа, отбасына, демалысқа, саяхаттауға бәріне жететіндей етіп жоспарлауы тиіс. Өмірін дұрыс жолға қоя білгені жөн”, – деді Жәнібек Оспанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз