Қазақстанның үш өңірінде сабақ болмайды

0
44

Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы мектептерде аязға байланысты сабақ болмайды.

“21 қараша ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды”, – делінген білім басқармасының хабарламасында.

-28-34 аязға байланысты Өскемен қаласында, Алтай, Глубокое, Бесқарағай, Көкпекті, Абай, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарға, сонымен қатар Семей мен Риддер қалаларында бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптарға, Бородулиха, Катонқарағай аудандары мен Курчатов қаласында 1-4 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылған.

Ал, Қарағанды облысында Бұқар жырау және Осакаров аудандарында, Теміртау қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар, Абай, Ақтоғай, Нұра, Жаңаарқа аудандарында және Қарағанды, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларында 0-4 сыныптар оқымайды. Бұл өңірде қазіргі уақытта -27-28 градус аяз тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз