Қазгидромет қазан айындағы ауа райы болжамын жариялады

0
152
Көрнекі сурет. Photo: zhambylatameken.kz

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады. 

“Бірінші онкүндікте ауа температурасы: батыста кезеңнің ортасында түнде 0,+5°С дейін, күндіз +12+17°С дейін; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста кезеңнің ортасында және соңында түнде -1-8°С дейін, күндіз 0,+7°С дейін; оңтүстікте, оңтүстік-шығыста онкүндіктің соңында түнде 0,+5°С дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, күндіз +7+12°С дейін; оңтүстік-батыста онкүндіктің ортасында түнде +5+12°С дейін, күндіз +15+20°С дейін төмендеуі мүмкін”, – делінген хабарламады.

Қазгидеомет болжамынша, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы алдымен Қазақстанның батысында, содан кейін республиканың қалған аумағында көтеріледі.

“Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр – негізінен оңтүстік және батыс өңірлерде, жауын-шашын (жаңбырдың арты ылғалды қарға ауысады) – солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында болжанады. Жылу толқындармен жекелеген күндері елдің оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында күндіз ауа температурасы +15+25°С дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста +10+20°С дейін жылынуы мүмкін. Суық толқындармен ауа температурасы: ҚР солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде -1-10°С дейін, күндіз 0,+5°С дейін; еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс жартысында түнде -5+5°С дейін, күндіз +2+10°С дейін төмендеуі мүмкін”, – делінген хабарда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз