Берген ақшаға адам сияқты қожалық етіңдер – Назарбаев

0
82

Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет мүшелерін сынға алып, мемлекеттің қаражатын үнемдеп жұмсауды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қызылорда облысында жүргізіліп жатқан құрылыстың бірқатар мәселелерін айта отырып, “Қазір “левый берег Қызылорда” деген шықты. Астанада сол жағалау бар болса, оларда да болу керек деген сөз емес. Болды делік, енді оған көпір керек, құбыр өткізу керек. Адамдар – инфрақұрылымға дейміз инфрақұрылымға, керісінше емес.”, деп сынға алды.

Қызылорда облысының әкімі Елбасына ақпардың дұрыс жеткізілмегенін, құрылыс жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Назарбаев үкімет мүшелеріне «Бас жоспарды біз жасаймыз, өзгерістер енгіземіз. Мен қарсы емеспін, бірақ қандай ақша шығындалатынын қарау керек. «Енді кімнің «левый берегі» бар тағы? Павлодар салсын, Өскемен салсын. Тағы кім бар, Орал салсын. Мұнымен қоса қосымша үй салу үшін құбыр жеткізетін боламыз, жол мен көпір саламыз. Адам сияқты берген ақшаға қожа болсаңдаршы. Мемлекеттің ақшасын неге үнемдемейсіңдер?» – деді.

Үкімет отырысында үкімет мүшелері өткен жылғы жұмыстар бойынша қорытынды баяндама жасап, алдағы жылға тапсырмалар алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз