Әкім қоларбаға отырып, қаланы аралады

0
95
Photo: turkistan.gov.kz

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен қала әкімі Рашид Аюпов мүгедектер арбасына отырып, қаланы аралады. Бұл туралы аймақ облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын түсіну үшін қоларбаға отырған қала басшылары қаладағы нысандарды аралап, пандустары бар жерлерді көрді. Биік орналасқан пандустарды иелеріне ретке келтіруді тапсырды. Жаңадан салынып жатқан ғимараттарда пандустар салып, оның биіктігін тиісті талапқа сай келтіруді ескертті.

Жарымжан жандар үшін қиынға соғатын жерлерді құрылысшыларға ретке келтіруді міндеттеді. Қаланы әдеттегіден ерекше аралап өткен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев Facebook-те алған әсерімен бөлісті.

“Дені сау адамға қарағанда мүгедек арбадағы адамның өмірінің айтарлықтай айырмашылығы болады екен. Мүгедек арбада отырған соң бойың жарты метрге аласарып, барлық ғимараттар биік көрінеді. Жолда кетіп бара жатып ондағы әрбір шұңқыр, еңістің әрбір градусы, тіпті куртканың жеңінің ұзындығы және тағы басқасы маңызды. Арбаның бағасы, доңғалақтағы резеңке сапасы, арқасының биіктігі, дөңгелектерді реттеу, тіреуіштің биіктігі және тағы басқасы. Мұны сен алғашқы он метрде түсінесің. Бұдан әрі ой тоқтамайды, осы (орта) жазықтықта өмірді модельдеуді бастаймыз. Мыңдаған орын, баруға болмайтын жерлер, жүздеген адам, біреулермен ешқашан таныспайтын және тырыспайтын жерлер өте көп. Бұл күн, жыл ішіндегі күн.. бұл екі өлшемді әлемде өмір сүру сияқты. Осындай жағдайда күн сайын өмірге қуануға, күлуге, өзінің жағымды сәттерін ләззат алуға болатын адамдарды мүлдем басқаша қабыл аласың”, – делінген парақшада.

Тәжібаев мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларға, қарттарға ыңғайлы жағдай жасау керектігін айтады. Жобалау және құрылыс жұмыстарын жасағанда арбалар мен пандустарға мән беріп, табалдырықтар мен дәретханаларды, жаяужолдарда барлық жағдайлар ескерілу қажеттігін жеткізеді.

Бұл бағытта бақылау тек мемлекеттік нысандарда ғана емес, жекеменшік ғимараттарға да жасалатынын ескертті. “Бұл мәслелердің бәрін бірге ойластырамыз”, – деп қорытындылады ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз