Нұр-Сұлтанда апта соңы Қызылорда және Ақтөбе облыстарының жәрмеңкесі өтеді

0
169
photo: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда 19-20 қыркүйек күндері Қызылорда және Ақтөбе облыстарының азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, тауарлар бағасы нарықтағы бағадан 10-15% төмен болады. Өтетін орны Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаң. (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы)

Екі облыс 540 тонна өнім әкеледі. Оның 146 тоннасы күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар және т.б..

Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады (“Айс” ЖШС, “Агрофирма Тау” ЖШС, “Ново-Альджанский мелькомбинат” ЖШС, “Рамазан” ЖШС, “Ақтөбе-нан” ЖШС, “Айбек” ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, “Степное” ЖШС, “Рокос” ЖШС, “Изет ГринХаус” ЖШС және “Гринхаус Қазақстан” ЖШС жылыжай көкөністері, “Мир круп” тұзы, “Жаңажол” күріш, “Сырмаржаны”, “Байқоңыр” Агрохолдингі”, “Наймир”, “Байқоңыр” ӘКК).

Жәрмеңке 5 қыркүйек күні басталған. Түркістан және Алматы облыстары 800 тоннадан астам өнім әкелген. Одан кейінгі өткен апта соңында Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстары 405 тонна өнім әкелді.

Пандемия кезінде, жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, маска тағып, арақашықтық сақтауы және міндетті түрде антисептик қолдануы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз