Полиция қызметкері мұқтаж отбасының пәтерақысын төлеп берді

0
125

23 сәуірде Ақтөбе қаласында пәтерақысын төлей алмай, жалға беруші тарап шағымданып тұрғындар полицияға телефон соққан. Оқиға орнына келіп мән-жайды білген учаскелік полицей Бақтияр Жақыпов пәтер жалдаушыларды екі баласымен далаға шығарып жібермей өз қалтасынан пәтерақысын төлеп берген.

Осылайша, полиция капитанының көмегімен пәтерді жалға алушы тұрғынның тағы бір ай сонда тұруына мүмкіндік туды.

Ақтөбе қаласының журналистері полиция қызметкерінің осы ісін ерлік деп танып, Бақтияр Жақыповты “Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін” төсбелгісімен марапаттады.

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерімен телефон арқылы тілдесіп, алғыс айтты.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз