Сапарбаев: Облыста шамамен наурыз айында вакцина өндіру басталады

0
60
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Құны 7 млрд теңге болатын зауыт келер жылдың наурыз айында вакцина шығара бастамақ. Бұл туралы 2 желтоқсанда өткен брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

“Жыл соңына дейін барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады. Қаңтар-ақпанда жабдықтар орнатылып, өндіріс құралдары іске қосылады. Жоспар бойынша, вакцина сынағының үшінші кезеңі біткен соң, шамамен наурыз айына қарай вакцина өндіру басталады”, – деді облыс әкімі.

Биыл маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданында түрлі вакциналарды, соның ішінде коронавирус инфекциясының вакцинасын жасайтын зауыт құрылысы басталған. Облыс әкімінің ақпараты бойынша, зауытты салуға шамамен 7 млрд теңге жұмсалмақ. Зауыт жылына 30-60 млн доза коронавирус вакцинасын жасамақ. Мұнда тек коронавирус қана емес, құс тұмауы, бруцеллез, дерматит сияқты індеттерге қарсы, яғни жануар мен адамның иммунитетін көтеруге бағытталған препараттар шығарылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз