Түркістанда баспана бағасы неліктен шарықтап барады?

0
90

Түркістанда баспана бағасы шарықтап барады. Жалдамалы пәтер құны тура бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда 2-3 есеге дейін артқан. Қала тұрғындарының айтуынша бұл өсім соңғы 6 айда анық байқалған. Мысалы, өткен жылдың қаңтарында 15-16 шаршы метрлі 1 бөлмелі пәтерді жалға алу құны айына 20 мың теңге болса, ол бүгінде 50 мыңнан кем емес. 25-30 шаршы бөлмелі 2 бөлмелі пәтер айына 30 мыңға бағаланған болса, бүгінде ол 70-80 мыңның арасында. Ал, кеңірек үйде, яғни 3 немесе 4 бөлмелі пәтерде тұрғыңыз келсе қолыңызда ең кемінде 150 мың теңге болуы шарт. Алайда бұл бағалар қала халқының қалтасына сай келеді ме?

Ал бір бөлмелі пәтер бүгінде 6 немесе 7 миллион теңге көлемінде сатылуда. Сатылым құны да өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Пәтер құнының күрт шарықтауының себебі неде? Түркістан облыс орталығына айналғалы баспаналардың сапасы артып үлгерді ме? Бұл сауалдарға Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласы басшылығынан жауап алып көрдік. Бағалардың нақты неліктен өсіп жатқанын қала басшылығы риэлторлар заңсыз жұмыс жасайды. Бүгінде баспана бағасын орнықтыратын солар деп сілтеді.

Түркістанда пәтер бағасының күрт өсуінің себебі неде? Түркістан облыс орталығына айналғалы баспаналардың сапасы қаншалықты дәрежеде артты? Бүгінде шарықтаған пәтер ақысын өтеуді халықтың жағдайы көтереді ме? 

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Қалманұлы Мұсаев: Түркістанда пәтер бағасы облыстың орталығы болуына орай қымбаттағаны рас. Дегенмен қатты шарықтап кетті деп айта алмаймыз. 20-30 пайыздың аралығында ғана. Мәселен біздің қолымыздағы мәлімет бойынша сатылатын үйлердің, оның ішінде көп қабатты үйлердегі пәтерледі қосқанда саны 300-ге жуық, жер үйлердің бағасы 6,7 млн-нан басталып, 30 млн аралығында. Бұл баға тұрғын үйдің көлеміне, құрылыс материалына байланысты. Ал осы қымбаттаған бағамен тұрғын үйлер көп өтіп жатыр деп айта алмаймыз. Мәселен, Түркістанға облыс орталығы болғанда мемлекеттік органдар Шымкенттен көшірілгенде жалдамалы пәтерлердің бағасы қымбаттаған болатын. Бірақ сұраныстың көп болмауына орай қазіргі таңда жалдамалы пәтер бағалары қалпына түсті. Осыған орай қазіргі таңда мемлекет мұқтаждығы үшін алынған нысанның иелері үй, жер іздеп жатқандықтан баға да біршама көтеріліп тұр. Егер сұраныс тек науқандық болатын болса, үй бағасының шарықтауы уақыт өте келе қалпына түседі деп ойлаймын. Әрине бағаның қымбаттауы тұрғындардың әл-ауқатына әсер етуі мүмкін. Алайда сатылатын үйлер жеке тұрғындардың иелігінде болғандықтан, жергілікті билік оған белгілі бір деңгейде ықпал жасай алмайды.

Түркістан қалалыр риэлторлар да пәтер бағасының қымбаттауының себебін қысқа қайырып Түркістанның облыс орталығы болуына әкеп тіреді.

Риэлтор: Баспана бағасы көтерілді. Пәтерге сұраныс жоқ емес өте көп. Күніне 15 адам звондайды. Қазір міне өзімнің жалға беретін баспанам қалмады, барлығын клиенттерге (тұтынушыларға) жалға беріп жібердім. Мәселен 2 бөлмелі пәтерді 70 мыңға жалға беріп жатырмын. Одан артық шарықтап тұрған баға жоқ. Халықтың қалтасы көтереді ме білмейміз бірақ қазір барлық риэлторлар осы бағада өткізеді. Тек жалдамалы баспана бағасы ғана емес жер, тұрғын үйлердің де бағасы көтеріліп кетті ғой… 1 бөлмелі пәтердің бағасы 7-8 миллионға сатылып жатыр. 2 бөлмелілер 10 миллионнан кемге ала алмайсың. Жағыдайға қарай ғой енді.  Болашақта қалай боларын уақыт көрсетеді. Көпшілік өткен жылмен салыстырып жатады, оны ойлаудың да қажеті болмай қалды ғой… Өткен жылы біз жәй ғана Түркістан болдық. Ал қазір облыс орталығы болып отырмыз…

Түркістан облыс орталығы болғалы пәтерлердің сапасы қаншалықты деңгейде артты?

Риэлтор: Пәтерлердің сапасы артты деуге келмейді. Мүмкін кейбірі жиһаз ауыстырып үйге жөндеу жасаған шығар. Бірақ барлығы дей алмаймын. Осы салада жүрген соң “канкурент” (бәсекелестік) деген бар пәтерлерге қарап жүреміз. Жалпы алғанда ештеңе өзгерген жоқ. Пәтерлердің сапасы сол қалпы. Тек өзгерген Түркістанның облыс мәртебесін алуы ғана.

Тұрғын: Бағалардың өзгергені сауда жасауға тиімдірек болып қалды. Мәселен мен өзім 1 миллионға алған жерімді 3,5 миллионға саттым. 

Облыс әкімшілігінің ақпараттарына сәйкес Түркістан облысының басқа өңірлерде баспана бағасында мұндай ауысымдар аса байқалмайды.

Сұхбаттасқан Kazaknews.kz тілшісі
Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз