Түркістанда шұбаттың құрғақ түрі шығарылады

0
101
Сурет: 24.kz

Түркістандық кәсіпорын шұбаттың құрғақ түрін шығара бастады. Бұл жалпы құны 7,5 млрд теңге болатын Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы.

Зауытта күніне 100 тонна шикізат алынып, құрғақ сүт арнайы ыдыстарда сақталады. Бір құтыға 330 грамм ұнтақ салынады. Оны сумен араластырып, 3 литр шұбат алуға болады. Қажетті шикізат жергілікті түйе шаруашылықтарынан сатып алынады.

24.kz сайтының хабарлауынша, бүгінде Түркістан облысында 500-ден астам кәсіпорын азық-түлік өндірісімен айналысады.

Аршын Ғабиден, өңдеу цехының жұмысшысы:

– Бұл цех ең соңғы заманауи техникамен жабдықталған, барлығы автоматтандырылған. Бүкіл құрылғылар цифрлық технологиямен басқарылады. Цехтің негізгі міндеті – сүтті қабылдап алғаннан кейін өңдеу процестері жүргізіледі. Сеператормен тазаланады. Одан кейін пастерилизация жүргізіледі. Ең соңында таза сүтті біз келесі цехқа жіберіп, сосын ұнтақ ретінде шығаруға дайындаймыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз