Түркістанның құрылысына 3 мыңнан астам жастар тартылды

0
49

Түркістан қаласында«Түркістан жастарының құрылыс жасағы» ұйымы құрылып, 3000-нан астам азаматтар құрылыс жобасына тартылды. Ақпанның ішінде мердігер құрылыс компанияларымен меморандумға отырып, наурыздан бастап жастарды құрылыс жұмыстарына жіберіледі. Тұрақты жалақы көлемі 70 мың мен 100 мың теңге арасында болмақ.

Оған қоса, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 1300-дей жас жұмыспен қамтылады. Бұл туралы өңір басшысы Жансейіт Түймебаев халық алдындағы кезекті жылдық есеп беру жиынында мәлімдеді.

«Облыста жастардың саны 500 мыңнан астам адам немесе жалпы халық санының 25 пайызы. Түркістан облысында биыл «Жастарды тұрғын үймен қамту» жобасы аясында 260 жасты баспанамен қамту көзделуде. Өңірде жастармен тікелей жұмыс жүргізетін «Жастар ресурстық орталықтарының» жүйесі қалыптасқан. Орталықта «Бір терезе» қағидасы бойынша 8 бағытта «Жастарға қызмет көрсету секторы» жұмыс атқаруда. Жастарға психологиялық кеңес беру мақсатында 13-03 санды Саll-орталығы жұмыс атқарады. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында, 2 млн. теңге көлемінде кепілсіз «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 8 жоба қаржыландырылды. Биылғы жылдан бастап жас кәсіпкер кепілсіз 2 млн. теңгеге дейінгі жеңілдетілген несиені жылдық 4 пайызбен алатын болады. Ал, ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы ауыл аймақтағы 200-ден астам жас кәсіпкерге төмен пайызбен (6 %) 1,5 млрд. теңге несие беруді көзделуде», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, 1200 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткізіп, олардың кемінде 80 пайызына төмендетілген пайызбен несие берілетін болады

«Серпін – 2050» жобасы бойынша облысымыздан өткен жылы 1589 жас, сондай-ақ, биыл қосымша 137 жас грантқа ие болды. Бұдан өзге, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 5500-ге жуық жасқа қолдау білдіру үшін 2 млрд. теңге бөлінеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз