Тараз қаласындағы орталық алаңға Елбасының есімі берілді

0
174
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Photo: Al Jazeera

Тараздағы орталық алаңға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің қаулысына сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Орталық алаң бұған дейін “Достық” деп аталып келген. Алаңға Назарбаев есімі берілетіні маусым айында хабарланған.

Бірқатар қалалардағы орталық көшелерге Елбасының есімі берілді. Мысалы, Қызылордада Абай көшесі Назарбаев есімімен ауыстырылды. Наурыз айында жергілікті мәслихат депутаттары Атырау қаласында – Қаныш Сәтбаев, Ақтөбеде – Әбілқайыр хан, Таразда – Төле би, Қостанайда – Абай көшесін Назарбаев есімімен атау туралы шешім шығарған. Бірақ олардың шешімі әлеуметтік желіде дау тудырғандықтан республикалық ономастикалық комиссия мәселені қайта қарауға жіберген. Кейіннен басқа көшелерге бірінші президент есімі берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз