Тараздағы оқиға: Өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0
119

Жамбыл облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта “мектеп дәретханасында 7 сынып оқушысын зорлау оқиғасына” қатысты сот отырысы басталды.

  •  Оқиға өткен жылдың 15 қараша күні Тараз қаласындаағы №6 мектептің дәретханасында болған.
  • 38 жастағы “қылмыскер” бұған дейін сотты болған. Оның үстінен ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
  • Ол қылмысты жасағанын толық мойындады. Оған 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Сот жапа шегушінің жас ерекшелігін ескере отырып жабық режімде өтетін болды.
  • Оқиғадан соң, бас-аяғы 11 адам жауапқа тартылды. Оның ішінде мектеп директоры мен кейін облыстық білім басқармасының басшысы да бар.
  • Президент Тоқаев “зорлау оқиғасынан” кейін Тараз қаласының әкімін де қызметінен босатты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз