Жамбылда 100-ге жуық әскери қызметкер коронавирус жұқтырған

0
138
Photo: coronavirus2020.kz

27 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған жалпы 358 адам тіркелген. Науқастардың 30-ы аймаққа сырттан келсе, 99-ы әскери, 22-сі медицина саласының, 7-еуі полиция қызметкері. Бұл туралы брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Сапарбаевтың сөзінше, облыста коронавирустың алдын алу үшін 12 штаб, 51 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.

Аймақта емделіп шыққандардың саны 173-ке жеткен. Бір адам қайтыс болған. Облыста 7 зертхана жұмыс жасап жатыр. Онда барлығы 23 753 адам тестілеуден өткен.

“Қазіргі уақытта ауруханада 132 адам жатыр. Негізінен барлығының жағдайы орташа. Дәрігерлердің бақылауына алынған. Үй карантинінде 1 580 адам оқшауланған. Жалпы осы ауруға шалдыққандарды емдеу үшін өңірде 1 424 орын дайындалып, оған қосымша 80 провизорлық орын ашылды. Осы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру үшін 867 медицина қызметкерлері тартылған. Медицина қызметкерлеріне арналып алты қонақүй дайындалды. Қазір онда 246 медицина саласы қызметкерлері уақытша тұрып жатыр”, – деді Сапарбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз