Башар Асад әскері Дамаскты толықтай бақылауға алды

0
94

Сирия президенті Башар Асад тараптас үкіметтік қарулы күштер бұған дейін «ДАИШ»* лаңкестік ұйымының қарауында болған Дамасктың оңтүстігін өз қарамағына алды. Бұл туралы 21 мамыр дүйсенбіде «Адам құқықтары бойынша Сирия бақылау кеңесі» (SOHR) оппозиция ұйымының өкілі хабарлады.

Deutche Welle баслымы таратқан ақпарға сәйкес, қаруланған «ДАИШ»* Сирия әскерімен келісім бойынша Дамасктың оңтүстігін тастап шыққан, аталған лаңкестік ұйымға 32 автобус берілген, Дамасктың оңтүстігін жалпы есеппен 1600 «ДАИШ»* ұйымының өкілі тәрк еткен.

Сәуір айының ортасында қияң-кескі қақтығыстан кейін Сирия әскері Шығыс Ғұтаға бақылау жасай бастады. Дамаск түбінде орналасқан Шығыс Ғұта қаласын, РФ Қорғаныс министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, 21 мың адам тастап шыққан.


ДАИШ* – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз