Солтүстік Корея Пхенчхандағы қысқы Олимпиадаға қатыспақ

0
114

Корея Халықаралық Демократиялық Республикасы (КХДР) Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ұлттық құрамасын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлайды.

КХДР президенті Ким Чен Ын өзінің Солтүстік Корея халқына арнаған жаңа жылдық жолдауында «Біз ұлттық командамызды Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға жіберуге ниеттіміз», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Ким Чен Ын өз жолдауында Корея Республикасымен арадағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттігін атап өтті.

КХДР Олимпиада ойындарына қатысу үшін өтініш берілетін соңғы мерзімінен кеш қалды. Дегенмен қаңтар айының ортасына дейін техникалық түрде спортшыларын жіберуіне мүмкіндігі бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз