2018 жылғы қысқы Олимпиада алауы Оңтүстік Кореяға табысталды

0
204

Олимпиада алауы сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяға жеткізіді. 2018 жылдың ақпан айында басталатын қысқы олимпиада ойындары Оңтүсті к Кореяда өткізіледі, деп хабарлайды ca-news.

Олимпиада алауы жарыстың ашылуына 100 күн қалғанда жеткізілді. Алдағы уақытта 9-ақпанға дейін Оңтүстік Корея қалаларын аралайтын болады.

 

Жалпы ұзындығы 2 мың шақырым жолды кезіп өтетін алауға 7,5 мың алаушылар қатысатын болады.

Алауды бірінші болып 2018 жылғы қысқы олимпиада ойынын ұйымдастырушылардың қолынан Кореяның мәнерлеп сырғанаудан ең жас спортшысы Ю Юн Инчхон халықаралық әуежайынан алып 200 метрге дейінгі қашықтықта алып жүретін болады.

2018 жылы өтетін қысқы олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің президенті Ли Хи Бом «Қысқы олимпиада ойындары Солтүстік Кореямен арадағы жанжалдың күшеюіне қарамастан бейбіт түрде өтеді», деп мәлімдеді.

Айта кетейік, 2018 жылғы қысқы олимпиада Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ақпанның 9-25 аралығында өтетін болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз