2018 жылдың ең бай әншілері анықталды

0
168
Кэти Перри

Forbes журналы әлемдегі ең бай әншілердің рейтингін жариялады. Бірінші орында Кэти Перри тұр.

Кэти Перри Witness: The Tour концерттік турының арқасында 83 миллион доллар тауып, өткен жылғы рейтингтегі тоғызыншы орыннан біріншіге көтерілген.

Екінші орында Тейлор Свифт болды. Оның табысы 80 миллион долларға бағаланды. Forbes тілшісі әншінің жетістігіне Reputation альбомы маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Себебі альбом шыққан соң бір апта ішінде оның шамамен екі миллион данасы сатылған.

Үшінші орынды 60 миллион доллармен Бейонсе иеленді. Төртінші кезекте Pink тұр. Ол бір жылда 52 миллион доллар табыс тапқан. Ал бесінші Леди Гага (50 миллион доллар). Tengrinews.kz хабарлауынша, алғашқы ондықтың қатарына Дженнифер Лопес, Рианна, Хелена Фишер, Селин Дион және Бритни Спирс кірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз