Ирандағы наразылыққа қатысты пікірлер

0
71
дереккөзден

Иран президенті Хасан Рухани елде жалғасып жатқан наразылыққа қатысты «Адамдар көшеде нан мен су сұрап жатқан жоқ, олар еркіндік талап етуде», – деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Дональд Трамп ереуілшілерді қолдап, жеке твиттер парақшасында «Иран халқы ақыр аяғында қатал әрі жемқор режимге қарсы еңсесін көтерді» деп жазып, ереуілге шыққандардың азықтың аздығына, инфляцияның жоғарылығы мен адам құқығының жоқтығына наразылық танытқанын мәлімдеді. Бұған қоса Трамп Ирандағы жағдайдың АҚШ-тың бақылауында екенін айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі Бахрам Касеми АҚШ президентінің жазбасына берген жауабында одан басқа мемлекеттерді айыптағанша, АҚШ-тың ішкі істеріне баса назар аударуын, ал Иран тарапының зорлықтан қашып, арандатушылыққа берілмеуі керектігін алға тартты.

Өз кезегінде Түркия Ирандағы адам өліміне қатысты алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ Анкара Тегеранның зорлықтан қашып, арандатушылыққа берілмеу керек деген мәлімдемесіне қосылады.

Ал Ресей болса, Ирандағы жағдайға сыртқы араласулардың «жарамайтындығын» мәлімдеді.

Еске салсақ, халықаралық санкциялар күшейтілуіне байланысты Иранның ең үлкен екінші қаласы Мешхедте өткен бейсенбі күні бағалардың өсуі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылық акциялары басталған еді. Ереуіл Иранның басқа қалаларында да жалғасын тапты. Сонымен қатар қазіргі билікті қолдау мақсатында да елде мыңдаған демонстрация өткізілді. Құрбандар саны артуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз