АҚШ-та Иранға қарсы санкцияларды бұзған түрік банкир айыпты деп танылды

0
88
дереккөзден

Түркиядағы ірі банктердің бірі Halkbank бас директорының орынбасары Мехмет Хакан Атилла Америка Құрама Шттатарында (АҚШ) сот алқасының шешімімен АҚШ-тың санкцияларын айналып өтуде Иранға көмек қолын созғаны үшін айыпты деп танылды, деп хабарланады Нью-Йорктің оңтүстік округі атқарушы органының федеральді прокуроры Джун Ким.

Кимнің айтуынша, шетелдік банктер мен олардың қызметкерлерінде екі таңдау бар: біріншісі, Иранға немесе өзге де санкциясы бар мемлекеттерге АҚШ заңдарынан айналып өтуге саналы түрде көмек қолын созады, екіншісі, АҚШ долларымен операциялар жүргізетін халықаралық банк қауымдастығының бөлігі бола алады. Д. Кимнің айтуынша, бұл екі таңдауды жүзеге асыру мүмкін емес, деп келтіреді РИА Новости.

АҚШ билігі өткен жылдың наурыз айында Түркиядан келген Мехмет Хакан Атилланы тұтқындады. Атилла бұған дейін АҚШ-та қамауға алынған түрік-ирандық кәсіпкер Рыза Заррабпен АҚШ санкцияларын бұзып, Иранның пайдасына бірнеше миллиондық мәмілелер жасасуда айыпталды. Зарраб өз жауабында Түркияның қаржы министріне аталған мәмілені жасауда 50 миллион доллар пара бергендігін мәлімдеді. Зарраб Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның да аталған іске қатысы бар деп мәлімдеме жасады. Заррабтың айтуынша, мәміле жасасқанын Түркия президенті білген. Бұл іске қатысты тағы 7 адам айыпталып отыр. Атиллаға қатысты сот шешімі 11 сәуірде шығады.

Зарраб ісіне қатысты толық ақпаратты kazaknews.kz сайтындағы «Анкараға зардабы тиген Зарраб» талдамалық материалынан оқып біле аласыздар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз