2020 жылы Минск-Ақтау әуе бағыты ашылады

0
123
Photo: sputnik.by

2020 жылдың жаз айынан бастап Минск – Ақтау бағытында аптасына үш рет тұрақты рейс қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде “Белавиа” әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтпақ.

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген “ашық аспан” режимі аясында екі ел арасындағы ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз