АҚШ дипломаттарына түркімен әуе компаниясымен ұшуға тыйым салынды

0
72

АҚШ-тың Түркіменстандағы елшілігі өз қызметкерлеріне “Туркменховаёллары” (“Түркімен әуе жолдары”) мемлекеттік әуе компаниясы ұшақтарымен ұшуға тыйым салды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. 

“Еуропаның әуе қауіпсіздігі агенттігі “Туркменховаёллары” әуе компаниясы ұшақтарының Еуропа одағы елдеріне және Еуроодақ әуе кеңістігі арқылы транзиттік бағыттар бойынша ұшуына уақытша тыйым салды. Осыған орай АҚШ дипломаттары бұл әуе компаниясымен ресми сапарларға ұша алмайды” деп жазылған АҚШ-тың Түркіменстандағы елшілігінің мәлімдемесінде. 

Еуропаның әуе қауіпсіздігі агенттігі “Туркменховаёллары” (“Түркімен әуе жолдары”) мемлекеттік әуе компаниясы ұшақтарының Еуропа аумағына ұшуына уақытша тыйым салған. Тыйым “компания халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келетінін дәлелдегенше” күшінде болады. Бұл туралы 4 ақпанда Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі хабарлаған.

Агенттік хабарламасында түркімен әуе компаниясының Еуропаға ұшуын тоқтатқаны айтылған. Түркіменстан ұшақтары Пекин, Дели және басқа қалалардан Ашғабат арқылы Бирмингем мен Хитроуға жолаушы тасымалдайтын.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз