АҚШ Иран санкциясында азу батырмаған мемлекеттер қандай

0
136
дереккөзден

АҚШ 8 мемлекетке Иран мұнайын сатып алуда жеңілдік жасады. Бұл туралы дүйсенбіде Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран Ислам Республикасына АҚШ тарапынан енгізілген санкцияларды мәлімдеу барысында айтты. Антиирандық санкциялар мемлекеттің банк, энергетика және жүк тасымалдау саласын шектейді, деп жазады Reuters.

Ираннан қара алтынды ықтимал кедергісіз алуға рұқсат берілген мемлекеттер қатарында Қытай, Үндістан, Грекия, Италия, Тайвань, Жапония, Түркия және Оңтүстік Корея бар. Помпео 20 мемлекеттің Иранның мұнай экспортын шектегенін, сатылымның бір күннің ішінде 1 млн баррельге дейін қысқарғанын хабарлады.

Financal time ақпарына сәйкес, аталған сегіз мемлекет алты ай көлемінде Ираннан шектеулі түрде мұнай экспорттай алады.


5 қарашада АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар легін жариялады. АҚШ Қаржы министрлігі атағандай Тегеранға АҚШ тарапынан салынған ең қатал шектеу шараларына президент Дональд Трамп 2015 жылы Иранмен жасасқан мәмілені 2018 жылы тәрк етіп, Тегеранға қарсы санкциялар салатынын шешімді түрде хабарлады.

Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді. 2018 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның аталған шартты толыққанды жүзеге асырмай отырғандығын алға тартып, мәмілені тәрк ететінін хабарлады. Еуропалық елдер, Қытай және Ресей Иранмен жасасқан мәмілені әлі де ұстанып отыр.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз