АҚШ-та коронавирусқа байланысты алғашқы өлім тіркелді

0
83

29 ақпанда қауіпті вирустан АҚШ-тың Вашингтон штатының бір тұрғыны көз жұмды.

Ақ үйдегі брифинг кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп бір әйел көз жұмды деді, алайда кейінірек денсаулық сақтау министрлігі президентке қате ақпарат жеткізілгенін айтып, ер адам қайтыс болды деп мәлімдеді.

1 наурыз күнгі дерек бойынша АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 69-ға жеткен. Олардың көбіне вирус елден тыс аумақта жұққан. Дональд Трамп америкалықтарды қатты үрейленбеуге шақырды. Ол науқастар саны ұлғаюы мүмкін, алайда билік кез келген жағдайға дайын деді.

Соңғы дерек бойынша, әлемде шамамен 87 мың адамнан коронавирус табылған, оқиғалардың 80 мыңға жуығы Қытайда тіркелген. Соңғы аптада Оңтүстік Корея мен Иранда вирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп барады. Еуропада оның ішінде Италияда жағдай ушығып барады.

Вирустан көз жұмғандар саны үш мыңға жуықтады. Олардың басым бөлігі Қытайда тұрған. Иранда – 43 адам, Италияда – 29 адам қайтыс болды. Жексенбі күні Австралия мен Таиландта алғашқы адам өлімі оқиғасы тіркелді.

Эпидемия басталған уақыттан бері 41 мыңнан астам айыққан. Қалғаны емделіп жатыр.

Вирус әлемнің шамамен 60-қа тарта елінде табылған. Жексенбі күні Армения билігі коронавирус тіркелгенін хабарлады. Ресейде ресми дерек бойынша үш адамнан вирус табылған. Олар вирус шарпыған Diamond Princess кемесінде болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз