АҚШ-тағы сайлау: Дауыс санын есептеу басталды

0
189
Presidential election in United States of America. The hand of woman putting her vote in the ballot box. American flag on background.

Америкадағы президент сайлауында дауыс санын есептеу басталды. АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары біртіндеп алғашқы нәтижелерді жариялап жатыр.

Президенттікке үміткер республикашыл Дональд Трамп пен бұрынғы вице-президент, демократ Джо Байден.

Қайсысының жеңетіні Джорджия, Флорида, Солтүстік Каролина, Огайо, Пенсильвания, Мичиган штаттарында бұлыңғыр болып тұр. Бұл аймақтарда сайлау учаскелері жабылған. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңертеңгі сағат 8:00-де Висконсин, Аризона, Техас, таңғы сағат 6-да – Айова, 7-де Калифорнияда сайлау учаскелері жабылады.

Associated Press агенттігі сайлау нәтижесі біршама айқын делінген штаттарда нақты кім жеңетінін болжай бастады. АР агенттігінің мәліметінше, Мәскеу уақытымен таңғы сағат 4-те Байден 9 штатта жеңіске жеткен. Ал Трамп 7 штатта басымдыққа ие болған.

Сайлауда жеңіске жету үшін кандидатқа электорлар алқасының 270 дауысы керек.

Әдетте жеңімпаз сайлаудың ресми қорытындысы жарияланғанға дейін белгілі болады. Ақпарат құралдары жекелеген учаскелердегі дерек негізінде болжам жасайды.

Алайда биыл 97 млн сайлаушы мерзімінен бұрын дауыс берген. Көптеген бюллетень пошта арқылы жөнелтілгендіктен кейбір штаттарда дауыс санау бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Бұл жолғы сайлауда сайлаушылар белсенділігі соңғы 100 жыл ішінде болмаған деңгейге жетейін деп тұр.

Жалпыұлттық сауалнама Байденнің жеңетінін көрсеткен. Алайда АҚШ-та сайлау қорытындысы бірқатар штаттардағы дауыс беру барысына байланысты анықталады.

АҚШ сайлаушылары осы сайлау аясында өкілдер палатасындағы 435 орын мен сенаттағы 100 орынның 35-ін кім иеленетінін де анықтайды, 11 губернатор мен жергілікті билік тармақтарындағы түрлі қызмет иелерінен үмітті кандидаттарға дауыс береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз