АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тағайындалды

0
85
Келли Крафт

22 ақпан күні АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Канададағы елшісі Келли Крафт АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болып тағайындалғанын мәлімдеді.

Оның алдында бұл қызметте Никки Хейли болған. Ол 2018 жылы желтоқсан айында қызметінен кеткен. Дональд Трамп бұл қызметті АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хезер Нойертке ұсынған. Бірақ ол ұсыныстан бас тартқан.

БҰҰ-дағы тұрақты өкіл қызметі – АҚШ-тың сыртқы саясат ведомстволарындағы ең көрнекті қызметтердің бірі. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырыстарында бұл қызмет иелерінің жасаған мәлімдемелері көптің назарына жиі ілінеді. Бұл қызметті атқарған Никки Хейли бұған дейін ресейліктердің Украина мен Сириядағы әрекеттерін өткір сынаумен көзге түскен.

Ал Келли Крафт АҚШ-тың Канададағы елшісі ретінде АҚШ, Канада және Мексика арасындағы еркін сауда аймағын құру бойынша келіссөздерге араласқан. Дипломатия саласына ауысқанға дейін түрлі қайырымдылық және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істеген.

Келли Крафтың кандидатурасын енді АҚШ сенаты мақұлдауы тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз