Армения Премьер-министрсіз қалды

0
76

Сенбіде Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті. Саясаткер бұл туралы елдегі қоғамдық телеарнада тікелей эфирде жариялаған.

Алайда, саясаткердің үкімет басшысы лауазымынан бас тартуы таң қаларлық іс емес. Пашинян бұған дейін де парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді жеделдету үшін отставкаға кететінін хабарлаған.

Саясаткер осы жылдың сәуір айында Армениядағы биліктің өзгеруіне әкеліп соққан наразылықтардың көшбасшысы болды. Экс шенеунік мерзімінен бұрын өткізілетін парламенттік сайлаудан кейін ел билігіндегі ахуал жақсарады деп есептейді.

Армения премьер-министрінің отставкаға кеткенінен кейін 14 күн ішінде ел парламенті, Конституцияға сәйкес жаңа үкімет басшысын тағайындауы тиіс. Үкімет басшысын тағайындау екі рет сәтсіз аяқталған жағдайда заң шығарушы орган таратылып, арнайы парламенттік сайлау тағайындалады.

Қазіргі уақытта, Армения парламентінің барлық төрт фракциясы үкімет басшысы лауазымына үміткерлерді ұсынудан бас тартқанын мәлімдеген. Үкімет басшысы лауазымынан бас тартқан саясаткердің жоспарына сәйкес,  кезектен тыс парламенттік сайлау желтоқсан айының бірінші жартысында өтуі тиіс.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз