«Қас қарая бастағаннан себебін түсінбестен жылайсың»

0
163

Жаппай сексуалдық зорлық көрсетуді әдетке айналдырған, құлдықтың бұл түрін «қалыпты жағдай» деп есептейтін Солтүстік кореялық шенеуніктер, полиция қызметкерлері, әскери шенділер, «қалталы азаматтар» қарапайым әйелге бұл зорлық түрін көрсетуге шамасы жеткен әрбір адам жазадан тыс қалып келеді. Ел билігі бұл фактілерге байланысты тергеу жүргізуді, жауаптыларды жазалау шараларын қамтамасыз етпейді. Жәбір көрген азаматтарды «елемейді».

«Human Rights Watch» (адам құқықтарын қорғаушы) ұйымының 2018 жылғы «Қас қарая бастағаннан себебін түсінбестен жылайсың» деген атаумен шыққан 86 баяндамасында Солтүстік кореялық әйелдердің сексуалдық зорлық-зомбылыққа, зинақорлыққа мәжбүрленгендігі жайында Солтүстік Корея аумағынан қашып шыға алған 54 әйелдің тағдырынан алынып жазылған.

Солтүстік Кореядан шыққан көптеген жәбір көрген сұхбаттасушылардың айтуынша билікке инвестиция салған адам бір әйелге көңіл аударған болса, әйелдің жыныстық қатынасқа түсуден немесе басқа да қызмет түрлерін көрсетіден бас тартуға құқығы жоқ.

Олардың айтуынша мұндай «аңшы» рөлін жоғары дәрежелі партиялық қызметкерлер, түрме қызметкерлері, тергеушілер мен полиция қызметкерлері сонымен қоса мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері мен судьялар, прокурорлар және әскери қызметкерлер атқара алады. «Ұят» пен өлімнен қорққан, өздерін қорғауға мүмкіндігі аз немесе мүлдем қорғауға шамасы жетпеген жәбірленушілер көп жағдайда мұндай құлдықтан кейін үнсіз қалуға мәжбүр….

Солтүстік Кореядағы жыныстық зорлық-зомбылық – ешкім араша түспейтін, ол үшін қам жемейтін, қиянат деп есептеліп соғыспайтын, көпшіліктің көзі үйренген «ашық құпия»!

Баяндамада Human Rights Watch атқарушы директоры Кеннет Рот «Егер Ким Чен Ынның диктаторлығы бұл жайтты үнсіз қалдыруға шамасы жетпегенде Солтүстік Кореялық әйелдердің «Мен – Мен» деген дауысы ғаламдық қозғалыста дауысқа түсер еді», дейді.


Human Rights Watch 2011 жылдан бері Солтүстік Кореядан өзге мемлекеттерге қашып шыға алған 54 әйелмен сұхбаттасады. Солтүстік Кореяда сауда-саттықпен айналысқан 21 әйелдің айтуынша, олар жұмыс орнын ауыстыру, базарда саудамен айналысуға мүкіндік алу үшін полиция қызметкерлері мен күзет бөлімдеріне тұрақты түрде сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүр болған.

1990 жылдардың соңынан бастап ер азаматтар жаппай әскери қызметке шақырыла бастаған уақытта үйдің басты асыраушысы ретінде әйелдер базарлар мен көше бойында сауда саттықпен айналыса бастады. Сол уақыттан бастап әйелдер сексуалдық зорлық-зомбылыққа тартыла бастаған. Соғыс пен сексуылдық зорлықсыз-ақ, Солтүстік Кореяда әйелдерге деген құрметсіздік қалыпты жағдайға айналған.

2014 жылы Солтүстік Кореяның Янгандо провинциясынан қашып шыққан 40-50 жас арасындағы жәбірленуші:

Базар күзетшілері немесе полиция қызметкерлері бізге жақындап келіп өздеріне ыңғайлы кез-келген орынды көрсетіп нұсқайды… Базарға жақын маңай, немесе көңілдері қалаған орындар… Біз олар үшін тек ойыншықтар ғанамыз. Бізге өз қалағандарын жасайтын… Бұл жиеркенішті жайттардың жиі қайталанылатыны соншалық біз олардың өзге ер азамат екенін ұмытып кететінбіз. Кейде қас қарая бастағаннан себебін білместен жылайсың…

Юн Ми Хва 2014 жылы Қытайға қашып кетуге мүмкіндігі туған 30-40 жас аралығындағы әйел:

«2009 жылы елден (Солтүстік Кореядан) Қытайға қашамын деп сәтсіздікке ұшырадым. Қашуға талпынған осы сәт өмір бойына есімде қалды. Өзім осыған дейін өмір сүрген аймақтан да қатаң зорлық көрсететін жерге тап болдым. Әр күн кеш батқанда әйелдердің бірін күзетші алып кетіп, кейін оған зорлық көрсететін. Базардың басшысы біз білетін «ең қайырымды жауыздығымен» аймаққа танымал еді. Жаңа қызметкерлер келген сайын арасынан бірін таңдап, өлімші етіп сабайтын. Мұдағы мақсаты, қожайынның кім екенін таныстыру ғана…

Клац-клац-клац – бұл сөз өмір бойы есімде қалған ең зілді сөз. Осындай екпінді дауысымен ол біздің бөлмелеріміздегі кілттерді жинап алатын. Әр күні кешке күзетші есікті ашып кіріп келгенде, мен түк түсінбеген сыңай танытып, ішімнен «бұл кеш менің кезегім болмаса екен» деп Құдайға жалбарынатынмын…


КХДР билігі сексуалдық зорлық-зомбылық мәселесін мойындап тиісті шараларды қолдануы тиіс. Ел полициясы мен құқық қорғау қызметкерлері бұл жайтты қылмыс деп есептеп, мұндай фактілерді тежеуі шарт. Ел үкіметі дені сау ұрпақ тәрбиелеу мен сексуалдық білім беру, әйелдерге көмек көрсету қызметтерін, оның ішінде психологиялық және медициналық көмек көрсетуді, әйелдерге стигматты еңсеруге көмектесуге бағытталған бағдарламаларды ұсыну керек.

2014 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының жанынан құрылған адам құқықтары жөніндегі кеңесі КХДР-да үкімет тарапынан жаппай, жүйелі және өрескел құқық бұзушылықтарды анықтап «адамзатқа қарсы жасалған қылмыс», деп атаған болатын.

Отбасының асыраушысы қызметін мойнына алған әйелдер үйден нан табуға шығып билік тарапынан сексуалдық құлдыққа ұшыраймыз, зорлық-зомбылыққа тап боламыз деп қорықпауы тиіс. Ким Чен Ын мен оның жақтастары үкіметтегі мұндай мәселенің жылдар бойы орын алып жатқанын мойындап, әйелдерді қорғау және әділеттілікті орнату үшін шұғыл шараларды қабылдауы тиіс.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз