Астана EXPO 2017 көрмесін тамашалауға 4 миллионға жуық адам келді

0
106
ашық дереккөздерден алынды

10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне келуші қонақтар саны 3 миллион 860 мыңнан асты.

Үш ай бойы елдің еңсесін көтеріп, абыройын асқақтатқан халықаралық шара кеше өз жұмысын тәмамдады.

Кеше соңғы күн болса да, келуші қонақтардың саны толастамады, тіпті керісінше әдеттегіден де көп болды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, алғашқы күндері ЭКСПО-ға шамамен 22840 адамның келгені тіркелген болса, қыркүйектің 9 күні қатысушылардың саны 100 514 адамға жеткен.

Көрмеге кіру 17 жасқа дейін тегін болды. Кәмелеттік жасқа толғандар үшін сағат 18:00-ге дейін билет құны 4000 теңге, ал сғт 18:00-ден кейін 2000 теңгеге дейін арзандатылған болатын. Одан бөлек, студент, зейнеткер және көп балалы ана категориясындағы азаматтарға 50 пайыз жеңілдік берілді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше елордамыз Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты жабылу кеші өтті. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз