Ауғанстанда тәліптер шабуылынан 20 сарбаз оққа ұшты

0
191
АҚШ әскерилері 9 сәуірде көлік жарылған маңнан өтіп барады. Ауғанстан, 2019 жыл.

9 сәуір күні Талибан содырлары Пәкістан шекарасына таяу маңдағы ауған әскерінің тексеру-өткізу бекетіне шабуыл жасап, 20 жауынгер қаза тапты. Бұл туралы басылымдарға Ауғанстан билігі хабарлады.

Тағы сегіз әскери Шорабак ауданына жасалған шабуыл кезінде жарақат алды деп хабарлады Кандагар провинциясы кеңесінің мүшесі Мохаммад Юсоф Юноси.

Атының құпия қалуын сұраған провинция шенеуніктерінің бірі шабуыл болғанын растағанымен, қанша әскеридің қаза тапқанын айтқан жоқ.

Тәліптердің өкілі Кари Юсуф Ахмади шабуылды мойнына алып, жауынгерлерінің ауған сарбаздарының қару-жарағын басып алғанын хабарлады.

8 сәуірде Ауғанстандағы АҚШ күштерінің бас базасында тәліптер жарылғыш заты бар көлікті жарып жіберіп, үш америкалық жауынгер қаза тапқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз