“Қазақстандықтар арзан көлік үшін Арменияға жиі барады”

0
225

Арменияда шетелдік автокөліктерге кеден салығы – 10 пайыз. Бұл ел Еуразиялық экономикалық одаққа қосылғанға дейін салық мөлшерін 2020 жылға дейін осындай төмен мөлшерде сақтауды шешкен. 24.kz хабарлауынша соңғы уақытты арзан автокөлік іздеген қазақстандықтар Арменияға жиі баратын болған.

Гамлет Авдалян, саудагер:

– Қазақстандықтар 2004 жылдан ескі көліктерге қарамайды, және 7-8 орны бар көлікті таңдайды. Тауарын өткізу үшін саудагерлер рәсімдеу процестерін барынша жеңілдетуге уәде береді.

Геворг Григорян, саудагер:

– Сатып алушыларға оңай болу үшін бәрін істейміз. Көлігін Арменияда тіркеуге көмектесіп жүрміз, уақытша қоныста тіркеп, Арменияда тұрып жатыр деген анықтама береміз. Осыдан кейін көлік құралын тіркеу куәлігін алады. Сонда өз елінде кеден салығын төлемейді, онда ол қымбат. Дегенмен мұның да астарлы тұстары бар. Біріншіден, жеке деректеріңіз өзге елдегі бөтен адамдардың қолына түседі. Ал көлікке келетін болсақ, қазақстандықтар жылына бір рет онымен елден шығуы тиіс және мүлік салығын Арменияда төлеуі керек. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз