БҰҰ Бас хатшысы не үшін Тоқаевқа алғыс айтты?

0
131
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. photo: akorda.kz

25 қыркүйек күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының жұмысы аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға әзір екенін айтты. Өйткені бұл құжат Қазақстанның алдағы экономикалық және әлеуметтік жаңғырту мәселелері бойынша жариялаған жоспарымен үндеседі-міс.

Өз кезегінде Антониу Гутерриш Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесімен өзара іс-қимылына оң баға берді. Әсіресе, Сирия мәселесі бойынша өткен Астана процесінің қомақты үлесі айтылды.

Бас хатшы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылдың мамыр айында БҰҰ-ның 16 аймақтық өкілдігін бір шаңырақ астына біріктірген Алматы қаласындағы Халықаралық ұйымдар ғимаратын ашқаны үшін алғыс білдірді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз