БҰҰ-ның биылғы басты міндеттері қандай?

0
219
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Бас Ассамблеяда сөз сөйлеп, ұйымның биылғы мақсатымен таныстырды. Ол жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бейбітшілік, қарусыздану, тұрақты даму, климаттың өзгеруімен күрес және гендерлік саясатта ынтымақтастық маңызды екендігін айттыБұл туралы БҰҰның ресми сайты хабарлады.

«Қазір климаттың өзгеруінен туындаған қауіп күшейіп барады. Сондықтан әлем елдері Париж келісімшартын орындауға күш салуы керек», – деді Бас хатшы.

Оның айтуынша, ғалымдар климаттың өзгеруінен мұхит беті 5 жыл бұрынғы болжамға қарағанда, 40 пайызға тез жылынатынын анықтаған.

«Мен қыркүйектің 23-і күні климаттың өзгеруіне байланысты саммит өткізуді жоспарлап отырмын. Мақсат – саяси көшбасшылар мен азаматтық қоғамды осы мәселені шешуге жұмылдыру. Біз климаттың өзгеруі, оған бейімделу және осы мәселемен күресті қаржыландыруда әрекет етуіміз керек. Мен әлем көшбасшыларын мәселенің ауқымдылығына сай шаралар қабылдауға шақырамын», деді БҰҰ Бас хатшысы, Антониу Гутерриш.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз