Bloomberg сараптамасы: Әлемдегі ең бай 10 адам

0
141

1 ақпанда Bloomberg сарапшылары әлемдегі ең бай адамдардың материалдық ахуалын есептейтін Bloomberg Billionaires индексін (BBI) жариялады.

Индекс миллиардерлер иелік ететін компаниялардағы акцияларының құны негізінде есептеледі. Bloomberg сараптамасының қорытындысына сәйкес 500 адам әлемдегі ең бай адамдардың қатарына жатады. 

1 орын. Джефф Безос 

Джефф Безос – американдық кәсіпкер, Amazon.com интернет-басылымының негізін қалаушы, Blue Origin аэроғарыш компаниясының және The Washington Post-тің негізін қалаушы. Bloomberg құрған миллиардерлер рейтингі бойынша Джефф Безостытың материалдық жағдайы 142 миллиард долларға бағаланған.

2 орын. Билл Гейтс

Билл Гейтс – американдық кәсіпкер және қоғам  қайраткері. Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі және ең ірі акционері. Bloomberg құрған миллиардерлер рейтингі бойынша байлығы $95,8 млрд долларды құрайды.

3 орын. Уоррен Баффет

Уоррен Баффет – американдық кәсіпкер, әлемдегі ең ірі және ең танымал инвесторлардың бірі. Адамзат тарихындағы ең үлкен қайырымдылық. Bloomberg құрған миллиардерлер рейтингі бойынша Уоррен Баффеттің қаржылай ахуалы $84,9 млрд долларды құрайды.

4 орын. Бернар Арно

Бернар Арно – француздық бизнесмен, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті. Bloomberg құрған миллиардерлер рейтингі бойынша Бернар Арноның материалдық ахуалы $76,6 млрд. долларды құрайды.

5 орын. Марк Цукерберг

Марк Эллиот Цукерберг –  американдық бағдарламашы (программист). Интернеттегі технологиялар саласындағы кәсіпкер, долларлық миллиардер. Facebook әлеуметтік желісінің әзірлеушілері мен құрылтайшыларының бірі.

Facebook Inc. компаниясының басшысы. Bloomberg құрған миллиардерлер рейтингі бойынша Марк Эллиот Цукербергтің материалдық жағдайы $63,5 млрд долларды құрайды.

6 орын. Амансио Ортега

Амансио Ортега – кәсіпкер, Inditex-тің негізін қалаушы (бұрынғы әйелі Росалия Мерамен бірге).

Компания 77 елде 5 мың дүкенге ие. Сонымен қатар, Ортега Флоридада, Мадридте, Лондонда және Лиссабонда газ өнеркәсібі мен туризмге және банктердге жылжымайтын мүлік арқылы инвестиция құйған. Бүгінде оның қаржылай жағдайы $63,5 млрд АҚШ долларын құрайды.

7 орын. Карлос Слим Элу

Карлос Слим Элу – Карлос Слим Елу Ливаннан шыққан ұлы Мексика кәсіпкері. Миллиардер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Bloomberg құрған миллиардерлер рейтингі бойынша оның материалдық жағдайы $60 млрд долларды құрайды. 

8 орын. Ларри Пейдж

Ларри Пейдж – Google іздеу жүйесінің әзірлеушісі, құрылтайшыларының бірі. «Google Alphabet» компаниясының бас директоры. Бүгінде оның қаржылық жағдайы $54,8 млрд долларды құрайды. 

9 орын. Лари Эллисон

Ларри Эллисон – американдық кәсіпкер, Oracle корпорациясының құрылтайшысы, директорлар кеңесінің төрағасы. NetSuite-дің ірі акционері, Salesforce.com компаниясының бас инвесторы. Материалдық ахуалы $54,2 млрд долларды құрайды.

10 орын. Сергей Брин

Сергей Брин – американдық кәсіпкер, компьютерлік, ақпараттық технологиялар және экономика саласының ғалымы. Миллиардер – Google іздеу жүйесінің негізін қалаушылардың бірі. Материалдық жағдайы $53, 3 млрд. долларды құрайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз