Бразилиядан Уханьға импортталған еттен коронавирус табылды

0
173

Бразилиядан Қытайдың Ухань қаласына импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус табылды. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады. 

27 тонна сиыр еті Ухань қаласындағы мұздатқышқа 25 қыркүйек күні келіп түсті. Қытай елі бұған дейін импортталған барлық мұздатылған тағамдарды мұқият тексеруге бұйрық берген.

Жергілікті билік дезинфекция шараларын жасап, жұмыскерлерден ПТР тестін алды. Алайда 145 жұмысшыдан коронавирус табылмады.

Айта кетейік, COVID-19 індеті алғаш рет Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсан айында тіркелді. 

Қазіргі таңда әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 57 239 070 адамға жеткен, ал 1 365 688 адам қайтыс болған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз