Coca-Cola өкілдігінің басшысы Ашхабадта өлі табылды

0
128
Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігінің басшысы Гектуг Газиток.

Ашхабадта Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігінің басшысы Гектуг Газиток қайтыс болды. Бұл туралы Түрікменстандағы”Азатлық”радиосының тілшісі хабарлады.

Хабарламада бизнесмен өлімінің күні, себеп-жағдайлары нақтыланбаған. Жариялаған ақпарат бойынша, Coca-Cola өкілдігінің басшысы “Огузкент” қонақүйінің терезесінен секіріп кеткен.

Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.  “Огузкент” Ашхабад қонақ үйіндегілер болған оқиғаны растады.

“Кей деректер бойынша, Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігі басшысында осы елдегі компанияның қызметіне байланысты қаржылық қиындықтар болған”, – делінген мақалада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз