Цукерберг Facebook менеджерлеріне iPhone қолдануға тыйым салды

0
86
дереккөзден

Facebook басшысы Марк Цукерберг компания менеджерлеріне Apple өнімдерін тұтынуға тыйым салған. Бұл турасында New York Times жасаған зерттеулер аясында айқын болды. 

Бұған себеп –   Apple бас директоры Тим Куктың  MSNBC телеарнасына осы жылдың наурызында берген сұхбаты.  Бұған дейін Facebook желісінде тіркелушілердің жеке ақпарлары жарияға мәлім болған еді.Бірнеше жыл бұрын Cambridge Analyticа компаниясы әлеуметтік желі қолданушыларына өздерінің психологиялық портреттерін құруға мүмкіндік беретін Facebook желісіне арналған қосымшада жеке деректерді пайдаланған. Аталған қосымшаны өздеріне қатысты жеке ақпараттарды берген 270 мың адам жүктеп алған. Кейіннен Cambridge Analytica қосымша арқылы алынған деректерді толығымен жойдық деп мәлімдеді, бірақ барлық деректер жойылмаған болып шықты. АҚШ-та өткен сайлау алдындағы науқан кезінде фирма мақсатты және психологиялық тұрғыдағы жарнама құру үшін елдегі электораттың жеке деректерін пайдаланған деген болжам бар.Facebook-ке қатысты туындаған дау-дамайдан кейін Apple бас директоры Т. Кук “Сіздердің жеке өмірлеріңізді саудаға айналдырайын деп жатқан жоқпыз”, – деп мәлімдеп, өз компаниясы мен Facebook-ты салыстырған. Аталған сұхбатты елеусіз қалдырмаған Цукерберг өз менеджерлеріне Apple өнімін қолдануға тыйым салып, алдағы уақытта тек Android операциялық жүйесін тұтынуды міндеттеген.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз