“ДАИШ*-та” қанша қаражат бар?

0
189
дереккөзден

“ДАИШ”* лаңкестік ұйымының артық қаржысы дереккөздер ақпарына сәйкес 50-ден 300 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы 11 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі басшысының орынбасарына контрлаңкестік басқарма басшысы Владимир Воронков хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазады.

Воронковтың ақпарына сәйкес “ДАИШ*-тың” Ирак пен Сириядағы 14-18 мың жауынгерінің 3 мыңға жуығы – шетелдіктер. “ДАИШ*-тың” қызметінен “Таяу Шығыс, Африка, әсіресе солтүстік, батыс және шығыс Африкадан Еуропаға дейін, орталық және оңтүстік Азия, оңтүстік-шығыс Азияға” қауіп төнуі мүмкін дейді Воронков.

БҰҰ -ның аталған тақырыпқа қатысты баяндамасында ДАИШ* өзінің бірқатар аумағы мен кіріс көзінен айырылғандықтан міндеттемелері азайғанын, “сондықтан лаңкестік ұйым қызметін жалғастыруы әбден мүмкін” деп хабарлайды.

ДАИШ* - Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз