Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуында жеңіске жете алмады

0
145
Данэлия Төлешова.

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова America’s Got Talent танымал шоуының финалында жеңімпаз атана алмады.

Биыл шоудың жеңімпазы америкалық әнші Брендон Лик болды.

Шоу Лос-Анжелесте өтіп, NBC арнасынан тікелей эфирде көрсетті. Тулешова байқаудың шешуші кезеңінде австралиялық әнші Сианың Alive әнін орындаған.

Көрермендер бір күн бойы America’s Got Talent шоуының Instagram-дағы парақшасында дауыс берді. Шоу жеңімпазы 1 миллион доллар көлемінде сыйақы алады.

14 жастағы Данэлия Тулешова – украиналық “1+1” арнасы ұйымдастырған “Голос. Дети” вокалдық шоуының жеңімпазы, Junior Eurovision байқауына қатысқан. Былтыр америкалық CBS арнасының The World’s Best шоуына қатысып, гранд-финалға өте алмады. Үндістандық пианист Лидиан Надхасварам шоу жеңімпазы атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз