ДДСҰ өкілі коронавирустың “үшінші толқыны” туралы айтты

0
107
Press briefing with David Nabarro, Secretary-GeneralÕs Advisor on the 2030 Sustainable Development Agenda, and Selwin Hart, Director of the Secretary-GeneralÕs Climate Change Support Team

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро келесі жылдың басында Еуропада коронавирустың үшінші толқыны басталуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

ДДСҰ өкілі Еуропа елдері бірінші толқынды бақылауға алса да, екіншісіне тосқауыл қоя алмағанын атап өткен.

“Еуропа толық дайындалған жоқ. Олар бірінші толқынды бақылауға алғаннан кейін, жазда қажетті инфрақұрылым салу мүмкіндігінен айырылып қалды. Ал енді оларда екінші толқын басталды. Егер олар қазір қажетті инфрақұрылым салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқынмен бетпе-бет келеді”, – деп келтірді оның сөзін Badener Tagblatt.

Набарроның сөзінше, қазір Батыс Еуропа елдерінің алдында вирусты тағы да бақылауға алу міндеті тұр. Бірақ бұл жолы локдаун сияқты қатаң шараға жүгінудің қажеті жоқ, өйткені, Набарроның айтуынша, ол тым қымбатқа соқты.

Оның айтуынша, Шығыс Азия елдерінде билік пен халық арасындағы байланыстың арқасында эпидемиологиялық жағдай жақсарған.

“Шығыс Азияда қатты байқалған тағы бір элемент: адамдардың реакциясының арқасында вирус жұқтырғандар саны азайды, соған қарамастан шектеу шаралары жеңілдетілген жоқ. Көрсеткіштер едәуір төмендеп, сол күйінде қалғанын күту қажет”, – деді арнайы өкіл.

ДДСҰ мәліметінше, әлемде 57,2 миллион адам вирус жұқтырған, 1,36 миллионы қайтыс болды. Эпидемиологиялық жағдай АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Аргентина, Италия және Колумбияда күрделі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз