Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегерлері кім?

0
216
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегерлері поляк жазушысы Ольга Токарчук және Австрия жазушысы Петер Хандке.

Швед академиясы 10 қазанда әдебиет бойынша Нобель сыйлығының былтырғы және биылғы лауреаттарының аты-жөнін жариялады.

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы поляк жазушысы Ольга Токарчук және Австрия жазушысы Петер Хандкеге берілді.

Былтыр жыныстық бопсалау дауынан кейін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілмеген. Швед академиясының мүшесі, ақын Катарина Фростенсонның күйеуі фотограф Жан-Клод Арно “болашақ лауреаттардың есімін алдын ала жариялады” деген күдікке ілініп, “жыныстық бопсалау” бабы бойынша айыпталды. Кейінірек екі жылға сотталды.

2018 жылы қараша айында әдебиет бойынша жаңа Нобель комитеті құрылып, 1 ақпаннан бастап жұмыс істей бастады.

2018 жылы әдебиет бойынша “Нобель сыйлығына балама” сыйлықты отарлау дәуірін зерттеген жазушы Мариз Конде алды.

Нобель сыйлығын швед өнертапқышы әрі өнеркәсіпші Альфред Нобель тағайындаған. Бұл сыйлық пен оның бір миллион долларға жуықтайтын ақшалай жүлдесі Альфред Нобель қайтыс болған күн – 10 желтоқсанда табысталады.

1901 жылдан бері 590 рет Нобель сыйлығын табыстаған. Содан бері 908 адам және 27 ұйымға Нобель сыйлығы берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз