Димаш Құдайберген Қытайда “Жыл үздігі” атанды

0
169
Димаш Құдайберген. Photo: Newspaper Akzhaiyk.

11 қаңтар күні қазақстандық әнші Димаш Құдайберген  Қытайда JSTYLE Exquisite Annual Awards премиясында “Жыл әншісі” номинациясында үздік деп танылды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

“JSTYLE [премиясында] “Жылдың үздік әншісі” сыйлығын алдым. Рақмет, dears (Димаштың фан-клубы), мен сіздерді жақсы көремін” деп жазды ол.

View this post on Instagram

Received the “Best Male Singer of the Year” award for J style awards. Thank you my dears. Love you.China.Pingyao city.11.01.2020

A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) on

Бірнеше күн бұрын басылымдар Димаш Құдайбергеннің оңтүстік кореялық продюсер Сон Кван Сикпен жұмыс істей бастағанын хабарлаған.

Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы I am a Singer конкурсында 2-орын алған. Осыдан кейін оның танымалдығы артып, Қытайда бірнеше сыйлықты иеленген. 2017 жылы ол Top Chinese Music Awards премиясында “Азияның ең танымал әншісі” сыйлығын алған. Ол бұған дейін Нью-Йорк, Лондон және Мәскеуде концерт қойды.

2020 жылы ол Чехия, Украина, Германияда жеке концерт бермек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз