ЕАЭО елдері арасында импорттық баж салықтарын бөлудің жаңа нормативі бекітілді

0
111
Photo: Medium.com

Еуразиялық экономкиалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында импорттық баж салығын бөлудің жаңа нормативі бекітілді.

“ЕАЭО басшылары Ереванда 1 қазанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша одақ елдері арасында импорттық баж салығын бөлудің жаңа нормативін бекітті”, – делінген сәрсенбідегі ТАСС таратқан хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, бұған дейін Кремль баспасөз қызметі Еревандағы ЕАЭО отырыс қорытындысы бойынша қабылданған құжаттар тізімін жариялады. Олардың арасында “ЖЕЭО 2014 жылғы 10 қазандағы №79 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” шешімі де бар, ол аталмыш салықтың бөліну тәртібіне қатысты.

“2019 жылдың наурызында Белоруссия премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко одақ қатысушылары арасындағы кіргізілетін кедендік баж салығының бөлінуін елінің дұрыс емес деп санайтынын жеткізді. Осы күнге дейін нормативтер келесідей болып бөлінген еді: Армения үшін – 1,22%, Белоруссия үшін – 4,56%, Қазақстан үшін – 7,05%, Қырғызстан үшін – 1,9%, Ресей үшін – 85,26%”, – делінген ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз