Ердоғанның серіктесі АҚШ-та 55 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0
40

АҚШ-тағы Нью-Йорк штатының Оңтүстістік округі Прокуроры сәрсенбі күні  Түркия Республикасының бұрыңғы экономика министрі Мехмет Зафер Чағлаянға қатысты шығарылған айыптау қорытындысын сотқа жіберді.

-Чағлаян АҚШ үкіметіне жалған мәлімет беріп, заңсыз операциялар ұйымдастырған

Қозғалған іске Түркияның тағы үш азаматының қатысы бар екені белгілі болды. Түрік министр және оның сыбайластары АҚШ санкция салған Иран Үкіметі мен Иранның басқа да мекемелерінің атынан бірнеше миллиард долларлық мәмілелер жасасып, АҚШ-тың қаржы жүйесін астыртын әрекеттерінде пайдаланғаны үшін айыпталады.

Зафер Чағлаян, Halkbank банкінің бұрыңғы басшысы Сүлейман Аслан, Левент Баккал мен Абдуллах Хаппани атты азаматтар, сонымен қатар, АҚШ үкіметіндегі шенділерге осы операцияларға қатысты қасақана жалған мәлімет бергені; ақшаның ізін жасыруға тырысқаны, оның ішінде Чағлаян және басқа да шенеуніктерге миллиондаған АҚШ доллары мөлшерінде пара жеткізгені; және де мәмілелердің шынайы сипатын жасыру мақсатында бірнеше қаржы институтын алдағаны үшін айыпталғаны мәлім болды.

Сәрсенбі күні жарияланған АҚШ прокуратурасының мәлімдемесіне сәйкес, Чағлаянның осы схема көмегімен Иран үкіметіне қызмет көрсеткені және осындай қызмет атқарғанын АҚШ үкіметіндегі шенділерден жасырғаны үшін 1 миллион доллар ақшалай және бағалы тастармен пара алғаны белгілі болды.

Чағлаян, экономика министрі ретінде, қызметін асыра пайдаланып, бұл схемаға қалған сыбайластарын, соның ішінде Halkbank қызметкерлерін, заңсыз операциялар өткізуге тартқан, сондай-ақ, схеманы іске асыру үшін оларды бәсекелестері мен тексерістерден қорғаған. Нәтижесінде, сыбайластар АҚШ банктерін Иранға қарсы санкцияларды білместікпен бұзып, халықаралық қаржы операцияларын жүзеге асыруға мәжбүрлеген.

Сәрсенбі күні айыптау қорытындысының сотқа берілгені туралы АҚШ-тың Оңтүстік округте бойынша қазіргі адвокаты Джун Х. Ким, Бас Прокурордың ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісінің міндетін атқарушы Дана Боэнте мен Федералды тергеу бюросының (FBI) директоры көмекшісі Уильям Суини кіші мәлімдеді.

-Қылмыстық іс Түркияда да әшкере болған-тын..

Сондай-ақ, айыптау қорытындысында Чағлаян мен оның үш сыбайласымен қатар тағы да бес кісінің Иран үкіметінің пайдасына жүргізілген халықаралық қаржы операцияларына қатысты АҚШ үкіметіндегі шенділерді алдағаны және АҚШ қаржы жүйесін пайдалана отырып осы схемаларды жасыру мақсатында пара тасығаны үшін айыпты деп танылғаны айтылды.

Айыптау қорытындысында Чағлаянның қылмыстық істеріне қатысы бар деп Риза Срраф есімімен танымал түрік-иран бизнесмені Реза Зарраб (АҚШ түрмесінде қамауда), Halkbank банкінің атқарушы директоры Мехмет Хакан Атилла (АҚШ түрмесінде қамауда), Мохаммад Зарраб, Камелия Джамшиди мен Хоссейн Наджафзаделердің есімі аталды.

Қылмыстық істің басты фигуранты – Түркиядан АҚШ-қа қашқан Зарраб, 2016 жылы наурыз айында АҚШ тарапынан (Иранның ядролық қаруды дамыту саласындағы амбицияларынан бас тартуы үшін)салынған санкцияларды аййналып өтіп, Иранның пайдасына миллиондаған долларлық операциялардың жүзеге асыруына көмек көрсетті деген айыптауымен қамауға алынған болатын. Мехмет Хакан Атилла да дәл сондай айыптаулармен наурыз айында Нью-Йоркте қамалған еді.

Иранда туып, кейін Түркияның азаматтығына өткен Зарраб – 2013 жылы желтоқсан айында қозғалған «жемқорлық ісінің» басты күдіктісі. “Үлкен пара” операциясы ретінде тарихқа енген қылмыстық істің фигуранттары арасында Әділет және даму партиясына (“Ақ партия”) мүше бірнеше министр мен бірге Түркияның сол кездегі премьер-министрі әрі “Ақ партияның” төрағасы Реджеп Тайып Ердоғанның да аты жөні аталған болатын. Зарраб Иран пайдасына операциялар жүргізуге көмектескені үшін, Түркияның министрлер кеңесі деңгейіндегі шенеуніктерге (арасында Чағлаян да бар), Halkbank банкінің басшысы Сүлейман Асланға және банктің басқа қызметкерлеріне пара бергені үшін айыпталды.

Ердоған аталмыш операцияны сыбайлас жемқорлықты тергеу деп мойындамай, саяси қарсыластарының үкіметті құлату мақсатында ұйымдастырған төңкеріс ретінде бағалады. Дәл сол кезеңде Ердоғанның үлкен ұлы Билалмен – екеуінің жемқорлық және заңсыз әрекеттерін әшкерелейін телефон сұхбаты да жарияланған болатын. Алайда оппозиция мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен, жалпы азаматтық қоғамнан, ұйымдасқан қарсылық келмеуіне байланысты Ердоған “Ақ партияның” саяси ықпалын пайдаланып, «коррупция ісін» қозғағандарды қудалап, аталмыш қылмыстық істі жаптырып тастады: айналдырған бір айдың ішінде сот ісін жүргізген прокурорлар қызметтерінен алынып, полиция департаменттеріне кадрлық өзгерістер жасалып, Заррабқа қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

-Ердоған Чағлаянның ісін Түркияға қарсы бағытталған саяси шешім деп мәлімдеді

Қазақстан іс-сапарына шықпас бұрын Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған АҚШ-та сотқа тапсырылған Чағлаянның айыптау қорытындысын Түркияға қарсы бағытталған саяси шешім деп бағалады. Ердоған: “Бұл – өзі өте қызық тақырып. Қазіргі таңда бұл процесті логика тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес. Бұрыңғы экономика министріне қатысты қадамдарға Түркияға қарсы қадам ретінде қараймын. Жасалған қадамдар – саяси”, – деп наразылығын білдірді.

-Чағлаянның қылмысы сотта дәлелденсе, елу жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін

Сәрсенбі күні жарияланған АҚШ прокуратурасының мәлімдемесінде, санкцияны бұзар заңсыз операциялар 2010-2015жж аралығында іске асқаны жарияланды. Айыпталушылардың аталмыш операцияларды Түркия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа елдерде тіркелген компаниялар арқылы ұйымдастырып, американ банктерінің көмегіне жүгінген. Банк қызметкерлері операциялардың Тегеранның пайдасына іске асып жатқанын білмеген.

Чағлаян, АҚШ заңнамасына сәйкес, айыптау қорытындысында көрсетілген қылмыстары сотта дәлелденсе, отыз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз