Филиппиндегі ең бай адам қайтыс болды

0
124
Генри Си

Филиппинде SM Investments Corporation (SMIC) компаниясының негізін қалаушы әрі инвестор, бизнес-магнат, елдің ең бай тұрғыны Генри Си 94 жасында қайтыс болды. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

«Ол бақытты адам еді, әлемді жақсартқанын білетін. Филиппиндегі бөлшек сауданың, банкинг және жылжымайтын мүлік нарығының атасы болды. Бәрінен бұрын балаларын жақсы көретін әке, ізгі жан болды», – дейді SMIC директорлар кеңесінің төрағасы Хосе Сио.

Айта кетейік, 2018 жылы Генри Си Forbes журналының тұжырымы бойынша, Филиппиннің ең бай адамдары тізімінде көш бастап тұрған. Оның табысы 18,3 млрд АҚШ долларын құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз