Хабиб Қарағандыға қашан келеді?

0
94

UFC жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы ресейлік былғары қолғап шебері Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді. Бұл туралы ол инстраграм әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ресейлік боксшыға қарағандылық жанкүйерлерінің бірі балалар үйінің тірбиеленушілері жайлы пікір жазып оларға кітап сыйға тартуын сұраған.

Нурмагомедов жанкүйерінің өтінішіне “Осы жылы Қарағандыға жол жүремін. Міндетті түрде сізге, балалар үйіне келемін” деп жазды.

Хабиб Нурмагомедов 2018 жылы әлемнің ең мықты 500 мұсылмандарының тізіміне енді.

Тізім жыл сайын themuslim500.com сайтында жаңарып отырады. Ресейлік боксшы 2018 жылы 6 қазанда ирландық Конор МакГрегормен жұдырықтасып чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз