Илон Маск әлемдегі бай адамдар тізімінде Билл Гейтсті артта қалдырды

0
215

Әлемдегі ең бай адамдар тізімінің нәтижесі бойынша SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск 127,9 миллиард АҚШ долларымен екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index (BBI) сайты хабарлады.

Жыл басынан бері Илон Масктың табысына 100,3 миллиард доллар қосылған. Бұл BBI көрсеткіші бойынша бұрын болмаған рекорд. Ал Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс 127,7 доллармен үшінші орынға ығысты.

Ең бай адамдардың алғашқы бестігіндегі 4 адам АҚШ елінің азаматы, біреуі Франция азаматы. Төрт америкалық та технология саласы бойынша алғашқы бестікте, ал француз Бернар сәнді тауар өндірісімен айналысады.

  1. Джефф Безос – 182 млрд доллар – Amazon компаниясының негізін қалаушы;
  2. Илон Маск – 127,9 млрд доллар – SpaceX және Tesla компанияларының басшысы;
  3. Билл Гейтс – 127,7 млрд доллар – Microsoft компаниясының негізін қалаушы;
  4. Бернар Арно – 105 млрд доллар – Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясының президенті;
  5.  Марк Цукерберг – 102 млрд доллар – Fаcebook компаниясының негізін қалаушы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз